Осыған орай, Димаш Құдайберген Virtuosos жобасының Х мерейтойлық маусымына қазылар алқасының мүшесі ретінде қатысу үшін Венгрияның Будапешт қаласына барды, – деп хабарлайды Аikyn.kz Dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.
Үлкен аудиторияға арналған классикалық музыка байқауына Венгрия, Аустрия, Словения, Сербия және Черногориядан келген төрт жас талантты музыкант қатысады. Жартылай финалда әр елдің қатысушылары бір-бірімен жұп-жұп болып сайысқа түседі. Содан кейін финалда әр елден бес өнерпаз бір-бірімен кездеседі.
Сайыстың ең жоғары деңгейі әлемге әйгілі музыка саласы мамандарының жоғары қазылар алқасының құрамы арқылы расталады. Олар әділ бағаларын беру үшін әншінің орындау шеберлігін ғана емес, сонымен қатар қатысушының сахнадағы іс-әрекетін, оның көрермендерге эмоционалды әсерін де ескереді.
Мерейтойлық маусымның финалында қазылар алқасының құрамында әлем жұлдыздары бар. Олар: Пласидо Доминго – опера тарихындағы ең ұлы әншілердің бірі және әйгілі дирижер. Хосе Каррерас – әлемдегі ең танымал тенор. Вероника Берти Бочелли – Андреа Бочеллидің бас менеджері. Димаш Құдайберген – вокал және композиция саласында классикалық білім алған, әлемнің түрлі елдеріндегі қойылымдары аншлаг жинайтын, отбасына, өз мәдениеті мен жалпы әлемге қарапайымдылығы мен адалдығы үшін жанкүйерлерінің сүйіктісіне айналған қазақстандық музыкант. Эрика Миклоша – венгриялық опера әншісі, колоратуралық сопрано. Хаузер – Хорват виолончелисті, виртуоз. Андрас Келлер – скрипкашы және венгр классикалық музыкасының көрнекті қайраткері. Елена Дудочкина – америкалық сопрано. Микко Кодисоя – финдік кәсіпкер, Supercell компаниясының негізін қалаушы.
Димаш ҚұдайбергенVirtuosos жобасына екінші рет қатысып жатыр. Өткен жылы ол алғаш рет осы байқаудың қазылар алқасы құрамында болған болатын. Былтырғы жобаның финалында Димаш ХХ ғасырдың ең ұлы дауысы маэстро Пласидо Домингомен дуэт айтты. Екеуі Жорж Бизенің «Інжу жинаушылар» операсындағы Надир мен Зурганың Au Fond du Temple Saint дуэтін орындаған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.