«Кумбха мела» фестивалі 12 жылда бір рет өтеді. 
Үндістанда діни фестиваль кезінде 15 адам көз жұмды
Фото: centralasia.media
453
оқылды

Үндістанда «Кумбха мела» діни фестиваліне жиналғандар бірін-бірі таптап, 15 адам жан тапсырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz 24kz-ке сілтеме жасап. 

Тағы көптеген тұрғын жараланып, ауруханаға түскен. Ауыр халде жатқандары да бар.

Оқиға елдің солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатының Праяградж қаласында болған. Діни рәсім Ганг және Ямуна өзендерінің түйіскен жерінде жасалған.

Associated Press хабарлауынша, ондаған мың адам бір мезетте қасиетті суға түсуге лап қойған.

«Кумбха мела» фестивалі 12 жылда бір рет өтеді. Биыл ол 13 қаңтарда басталған. Билік 6 аптаға дейін жалғасатын діни рәсімге 400 миллионнан астам адам келеді деп болжап отыр.