Оқиға Пусан қаласының әуежайында болған.
Оңтүстік Кореяда 167 жолаушысы бар ұшақ өртенді
Фото: Yonhap / Reuters
532
оқылды

Оңтүстік Кореяда бортында 170-ке жуық жолаушы болған ұшақ өртке оранды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Абырой болғанда, жолаушылар мен экипаж мүшелері дер кезінде эвакуацияланып, бәрі аман қалған. Оқыс оқиға Пусан қаласының әуежайында болған. Гонконгқа бағыт алған лайнер тура ұшар алдында өртенген. Әзірге өрттің шығуына нақты не себеп болғаны белгісіз.

Еске сала кетейік, бір ай бұрын Оңтүстік Кореяның Муан қаласының әуежайында шассиі ашылмай қонған ұшақ бетон қоршауға соғылып, өртеніп кеткен еді. Салдарынан ұшақ бортында болған 181 адамның тек екеуі ғана тірі қалды. Алдын ала мәлімет бойынша апатқа ұшақтың құстармен соқтығысуы себеп болған.