Сәуірден бастап Қазақстаннан Үндістанға әуеқатынасы кеңейеді.
Air Astana әуекомпаниясы жаңа ұшу бағыттары бойынша рейстер ашады
Фото: istockphoto.com
2,081
оқылды

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша ұшу санын арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Осылайша, туризмді дамыту мақсатында биылғы жылдың 20 сәуірінен бастап  Air Astana  әуекомпаниясы Алматы  – Мумбай бағыты бойынша Үндістанға рейстер ашады. Рейстер аптасына үш рет Airbus ұшақтарында орындалады. Осылайша, елдер арасындағы жолаушылар рейсі 3 әуекомпаниясының 4 әуе бағыты бойынша аптасына 21-ге дейін артады.

Қазіргі уақытта Алматы – Дели бағытында Air Astana және IndiGo әуекомпаниялары аптасына 7 рейс орындайды, Алматы – Гоа бағытында SCAT – 2 рейс және Астана – Гоа бағыттарында Fly Arystan – 2 рейс  тұрақты әуеқатынасы  жүзеге асырылады.

Әуеқатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.