Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трампқа ұшақ апатынан болған қазаға байланысты Қазақстан халқының және өзінің атынан көңіл айтқан.
Мемлекет басшысы АҚШ президенті Дональд Трампқа көңіл айтты
Фото: akorda.kz
424
оқылды

Мемлекет басшысы АҚШ президенті Дональд Трампқа көңіл айту жеделхатын жолдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz  сайты Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонның Рональд Рейган атындағы Ұлттық әуежайы маңында болған ұшақ апатынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алғанын жеткізді.

Мемлекет басшысы АҚШ президенті Дональд Трампқа, қайтыс болған жандардың отбасыларына және қайғылы оқиғадан зардап шеккен азаматтарға Қазақстан халқының және өзінің атынан көңіл айтты.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.