Дональд Трамп апаттан аман қалғандар жоқ екенін мәлімдеді. 
Вашингтондағы әуе апаты: өзеннен 30 адамның мәйіті табылды
Фото: Getty images
657
оқылды

Вашингтондағы Потомак өзенінде болған әуе апаты бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

REUTERS агенттігінің мәліметінше, 30 адамның мәйіті судан шығарылған. Жолаушылар ұшағы мен әскери тікұшақтың соқтығысуына не себеп болғаны әзірге белгісіз.

АҚШ президенті Дональд Трамп апаттан аман қалғандар жоқ екенін мәлімдеді. 

American Airlines компаниясына тиесілі лайнерде 64 адам болған. Төртеуі – экипаж мүшесі. Екі әуе көлігі де суға батып кетті.

Құлаған ұшақтағы жолаушылардың қатарында АҚШ пен Ресейдің танымал мәнерлеп сырғанаушылары мен олардың жаттықтырушылары болған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.