Қылмыстық топтың барлық қатысушысы қамауға алынды.
Астанада бірнеше ауыр қылмысқа қатысы бар қылмыстық топ құрықталды (видео)
Фото: polisia.kz
1,664
оқылды

Астаналық Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қылмыстық топты ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, оның құрамында бірнеше рет сотталған криминалитет өкілдері бар. Олар бірқатар ауыр қылмыстар жасады деп күдіктелуде.

– Эпизодтардың бірінде қорқыту және зорлық-зомбылық қолдану арқылы жергілікті тұрғыннан 5 млн теңге сомасында қаражат және Тоуота маркалы жол талғамайтын көлікті иемденген.

Басқа жағдайда банктердің бірінің іргелес аумағында олар 6 млн теңгені ашық түрде тонап кеткен.

Қылмыстық топтың барлық қатысушысы қамауға алынды. Олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысын тексеру жүзеге асырылуда.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған бопсалау және тонау фактілері бойынша жүргізілуде, – деді ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.