Түрлі жарақат алған екі жолаушы ауруханаға жеткізілді.
Ақмола облысында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты
280
оқылды

Ақмола облысында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан бір адам қаза тапты, тағы екі адам жарақат алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, апат 30 қаңтар күні Көкшетау-Рузаевка автожолында болған.

– Оқиға орнына жеткен полицейлер 2001 жылы туған жүргізуші тіркемесі бар Audi B5 көлігін Көкшетау бағытында жүргізіп келе жатып, қарсы жолға шығып кетіп, Shacman көлігімен соқтығысқанын анықтады, – делінген хабарламада.

Жеңіл көліктің жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Түрлі жарақат алған екі жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр, сараптама тағайындалды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.