Бортта болған 6 адамның жағдайы белгісіз.
Бортында 6 адам болған: АҚШ-та ұшақ тұрғын ауданға құлады
Видеодан кадр
396
оқылды

Филадельфияда шағын Learjet 55 медициналық ұшағы апатқа ұшырап, тұрғын ауданға құлады, – деп хабарлайды Aikyn.kz CBS арнасына сілтеме жасап. 

Learjet 55 Филадельфиядағы Northeast Philadelphia Airport әуежайынан ұшып шығып, Миссури штатының Спрингфилд қаласына бет алған. Алайда әуеге көтерілгеннен бірнеше минут өткен соң халық көп шоғырланған ауданға, Roosevelt Mall сауда орталығының автотұрағына құлаған.

АҚШ Көлік министрі Шон Даффи ұшақ бортында төрт экипаж мүшесі, емделуші бала және оның серігі болғанын растады. Ұшақ операторы компаниясы: «Қазір тірі қалғандар барын растай алмаймыз», – деп мәлімдеді.

Апат салдарынан жердегі бірнеше адам жарақат алды, бірнеше тұрғын үй мен көліктер өртеніп кеткен. Қалалық билік оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз