Сәйкес бұйрыққа ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қол қойды.
Бүгіннен бастап еліміздің бірнеше өңірінде газ қымбаттайды
istockphoto.com
1,071
оқылды

1 ақпаннан бастап еліміздің барлық дерлік өңірлерінде сұйытылған газдың шекті бөлшек сауда бағасын көтеруге қатысты түзетулер күшіне енді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Баға өсімі әр өңірде 6-дан 21 теңгеге дейін өзгерді. Ең төменгі баға Ақтөбе және Атырау облыстарында белгіленді – 77 теңге.

Сонымен қатар министр Үкіметтің кеңейтілген отырысында сұйытылған газ бағасының жақын арада тағы қымбаттайтынын мәлімдеді.

«Сұйытылған газ құны да жақын арада қымбаттайды. Ал жазда тауарлық газдың бағасы көтеріледі деп күтеміз. Былтыр баға өсуінің бірінші кезеңінен өттік. Сұйытылған газ құнының шекті бағасы 54-85 теңге аралығында болды. Енді алдағы уақытта аймаққа байланысты 64-98 теңге аралығында болады», – деді министр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.