Айыпталушылар марқұмның туған анасы мен өгей әкесі екені белгілі болды.
Жетісу облысында 14 жастағы қызды азаптап өлтірген ерлі-зайыпты сотталды
istockphoto.com
442
оқылды

Талдықорғанда 14 жастағы Карина Дорохинаны азаптап өлтірген ерлі-зайыптыға қатысты сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жетісу облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушыларға қатысты ҚК 121-бабы 3-2-бөлігі 3-тармағы, 110-бабы 2-бөлігі 1-тармағы, 99-бабы 2-бөлігі 7, 10, 14- тармақтарымен айыпталған қылмыстық істі қарады.

Сот таратқан мәліметке сүйенсек, айыпталушылардың бірі 2023 жылдың күзінде кәмелетке толмаған жәбірленушіге қарсы күш қолданып, өгей әкесі бола тұра сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасаған. 

Тергеу мәліметінше, ерлі-зайыпты алдын ала сөз байласып, қылмысты жасыру мақсатында қызды қасақана өлтірген.

“Сот үкімімен М. 121-бабының 3-2 бөлігі 3-тармағы, 110-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы, 99-бабының 2-бөлігінің 7,10,14-тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 

Сот үкімімен Е. 110-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы, 99-бабының 2-бөлігінің 7,10,14-тармақтарымен кінәлі деп танылып, оған 19 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ одан жәбірленуші өкілінің пайдасына 15 млн теңге моральдық зиян өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ”, – делінген Жетісу облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі хабарламасында.