Бүгін 112 пультіне Алматы қаласы Медеу ауданы Бөгенбай батыр көшесінде орналасқан қонақ үйлердің бірінде өрт шықты, – деп хабарлайды Аikyn.kz
ТЖМ баспасөз қызметінің жазуынша, өрт сөндірушілер келгеннен кейін, түтіннің 3 қабатты қонақ үйдің жертөлесінде шыққанын анықтады. Қонақ үй қызметкерлері келушілерді үй-жайдан шығарып үлгерді. Өрт ошағын анықтау үшін барлау жүргізілді.
Өрт 8 ш.м. бу бөлмесінде екені анықталып, өртті құтқарушылар келген сәттен бастап 16 минут ішінде оқшауландырып, содан кейін толық сөндірді. Өрт орнында қонақ үй тұрғындарына жылыту пункті ұйымдастырылды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз