АҚШ-та Филадельфия округінің солтүстік-шығысында қосмоторлы медициналық ұшақ апатынан жеті адам қаза тауып, 19 адам жараланды, – деп хабарлайды Аikyn.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап
USA Today таратқан ақпаратқа сәйкес, ұшақ бортында ана мен бала, медқызметкер мен ұшқыштар болған.
Филадельфия мэрі Шерелл Паркер ұшақ жерге құлағандықтан, өртенгенін алға тартты.
Біз бұл трагедияның себебін анықтаймыз, - деп атап өтті ол.
Әлеуметтік желілерде Филадельфиядағы әуе апаты болған жерден түрлі видеолар тарап жатыр.