Бұған дейін 6 500 жыл бұрынғы күріш алқаптары Лисян алқаптарынан табылған.
Қытайда осыдан 8 000 жыл бұрын күріш егілгені туралы дерек табылды
istockphoto.com
632
оқылды

Қытайда осыдан 8 000 жыл бұрын күріш егілгені туралы дерек табылды, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Бұл жайлы "Қазақпарат" агенттігінің тілшісі  қытайлық «Халық газеті» басылымына сілтеме жасап жазады.

Мәліметке сәйкес, жақында Хунань өлкесінің Мәдени жәдігерлер және археология институты Хунань өлкесінің Чандэ қаласындағы Лисян ауданы Лицзяган қирандысынан Пэнтоушань Мәдени кезеңінен қалған екі көне күріш алқабы табылғанын хабарлады. Бұл осыдан 8 000 жылдан астам уақыт бұрын мұндағы ата-бабалар күріш өсіруді бастағанын көрсетеді.

Археологтердің бұл жаңалығы Янцзы өзенінің орта ағысында күріш алқаптары пайда болған уақытты 2000 жыл арыға апарады, бұған дейін 6 500 жыл бұрынғы күріш алқаптары Лисян ауданының Чэнтоушань қирандыларынан табылған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз