USAID біздің елімізде бизнесті дамытуға, кәсіпкерлікті қолдауға, энергетикалық секторды жаңғыртуға және елдің экономикалық тұрақтылығын нығайтуға бағытталған бірқатар бағдарламаларды іске асырады.
USAID қоры Трамптың жарлығына байланысты жұмысын тоқтатты
1,002
оқылды

АҚШ-тың халықаралық даму агенттігінің (USAID) сайты Дональд Трамптың қаржыландыру мен халықаралық дамуға көмек көрсетуді тоқтату туралы жарлығы аясында жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Аikyn.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Business Standard порталына сілтеме жасап жазады.

USAID – бұл басқа елдерге гуманитарлық және экономикалық көмек көрсетуге арналған АҚШ үкіметтік агенттігі. Агенттік Денсаулық сақтау, білім беру, кедейлікке қарсы күрес, демократияны қолдау, адам құқықтары, жеке секторды дамыту және төтенше жағдайларға ден қою сияқты салалардағы жобаларды жүзеге асырады.

Агенттік 100-ден астам елде, оның ішінде Қазақстанда да жұмыс істейді. USAID біздің елімізде бизнесті дамытуға, кәсіпкерлікті қолдауға, энергетикалық секторды жаңғыртуға және елдің экономикалық тұрақтылығын нығайтуға бағытталған бірқатар бағдарламаларды іске асырады.

Ұйым бизнес ортасын жақсартуға және ақпаратқа қол жетімділікті арттыруға бағытталған әртүрлі бастамаларға гранттар мен қаржыландыруды ұсынады.

АҚШ гуманитарлық көмек бойынша әлемдегі ең ірі донор болып қала береді. Бірақ бұл мақсатқа жұмсалатын шығындар федералды бюджеттің 1%-дан азын құрайды.