Quartz сайтында жарияланған хабарламаға сүйенген Aikyn.kz жарнама нарығындағы рекордтық бағаны түсіндіреді.
Super Bowl ойыны өтетін жексенбі күні Америка Құрама Штаттарында іс жүзінде ұлттық мереке сияқты тойланады. Фото dazn.com сайтынан алынды
Super Bowl ойыны әдетте АҚШ-та жыл сайын ең көп қаралатын хабар болып саналады. Сондықтан әлемдік ең қымбат брендтердің үлкен ойын кезінде жарнамаға көп ақша жұмсауға дайын болуы таңғаларлық емес.
Super Bowl – америкалық футболдан АҚШ-та өтетін Ұлттық футбол лигасының (NFL) чемпионатындағы финалдық ойын. Бұл ойын өтетін жексенбі күні Америка Құрама Штаттарында іс жүзінде ұлттық мереке сияқты тойланады. Биыл 9 ақпанда Жаңа Орлеанда өтетін Super Bowl 2025 турнирін кем дегенде 100 миллион адам көреді деп күтілуде. Өткен жылы бұл хабар АҚШ тарихындағы ең көп қаралым жинаған – 123,7 миллион көрермен. Бұл – АҚШ халқының үштен бірінен астамы.
2025 жылдың финалында көрермендер Kansas City Chiefs командасының Philadelphia Eagles-бен ойнағанын және үзіліс кезінде атақты репер Кендрик Ламардың өнерін тамашалайды. Variety мәліметінше, ойын кезіндегі 30 секундтық роликті көрсету құны биыл күрт өскен. 10 рет көрсетілетін жарнама құны шамамен 8 миллион долларды құрайды.
1967 жылы жарнама құны 37 500 доллар болса, биыл 8 000 000 млн долларға өскен. Фото Reuters сайтынан алынды. Авторлығы: Mike Blake
Ойынды тарататын Fox телеарнасы бастапқыда 30 секундтық слот үшін шамамен 7 миллион доллар сұраған және өткен тамызда Super Bowl LIX жарнамалық тізімдемесінің көп бөлігін сатқан болатын. Бас директор Лаклан Мердок компанияның үшінші тоқсандағы инвесторлармен кездесуінде барлық жарнама слоттары ресми түрде сатылып кеткенін жариялағаннан кейін де сұраныс азаймаған. Кейбір жарнама берушілер кейінірек өз мәмілелерінен бас тартқан соң Fox бұл слоттарды одан да жоғары бағамен қайта сатқан.
«Бұл Суперкубоктың немесе осы нарықтың ерекшелігі – бізде ойынға мүлде қатыспаған адамдар көп болды және олар кенеттен «Жоқ, жоқ, мен ойынға қатысуым керек» деді», – дейді Sports Business Journal Fox Sports-тың жарнама сату жөніндегі менеджері Марк Эванс.
8 миллиондық жарнама құны он жыл бұрынғымен салыстырғанда 88%-ға өскен және бірінші рет 1967 жылы Super Bowl турнирі басталғаннан бері 20 000%-ға қымбаттаған. 30 секундтық Super Bowl жарнамасы 2015 жылы 4,25 миллион доллар, ал 1967 жылы небәрі 37 500 доллар тұрған.
Брендтер қазірдің өзінде жексенбі күні (9 ақпан) кешке көрсетілетін видео роликтеріне деген қызығушылықты күшейте бастады. Сондай жарнамалардың ішінде салмақ жоғалту өнімдерін насихаттайтын Y Hims & Hers теле-денсаулық компаниясы мен HexClad асүй бренді ұсынатын кәстрөлдерді жарнамалауға шақырылған аспазшы Гордон Рэмси мен сайқымазақ Пит Дэвидсон бар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.