Кәмелетке толмағандарға зорлық жасады деп айыпталған америкалық рэпер Шон Комбс (P. Diddy) Нью-Йорктегі федералды түрмеден ауруханаға түсті. Бұл туралы New York Post хабарлайды, – деп жазады Aikyn.kz.
Дереккөздерге сүйенсек, Комбстың тізесіндегі созылмалы ауырсыну оның Нью-Йорк марафонына қатысқаннан кейін күшейген. Сол себепті толық медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жатқызылған. 55 жастағы рэпер өткен аптаның бейсенбі күні кешкі сағат 22:00 шамасында жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.
P. Diddy 2023 жылдың қыркүйегінен бері қамауда отыр. Ол кәмелетке толмаған жүзден астам қызды зорлады және әйелдерді еріксіз сексуалды қойылымдарға қатысуға мәжбүрледі деп айыпталуда.
Айыптау актісіне сәйкес, рэпер құрбандарын есірткі (кокаин, кетамин) арқылы басқарып, олардың еркінен тыс әрекеттерге итермелеген. Комбс барлық айыпты жоққа шығарады.
Құқық қорғау органдары жүргізген тергеу барысында рэпердің үйін тінту кезінде қару-жарақ пен 1 000-нан астам балалар майы табылған. Бұл айғақтар оның үстінен қозғалған іс аясында зерттеліп жатыр.
Жәбірленушілер саны күн өткен сайын артып келеді. Олардың көбі – кәмелетке толмағандар. Қазір тергеу жалғасып жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.