Жарнама – прогресті ілгерілетуші. Ал бүгінгі жарнамалар тұтынушыға тауарды жақындатуға арналған.
Super Bowl ойынында көрсетілетін 8 миллион доллар тұратын жарнаманың құпиясы неде? (видео)
Super Bowl-ды 100 млн америкалық көреді. Фото thepioneerwoman.com сайтынан алынды. Авторлығы: State Farm
354
оқылды

Quartz сайтына сілтеме жасаған Aikyn.kz ұлттық мейрам деңгейінде тойлайтын америкалық футболдың финалдық ойынында көрсетілетін жарнамаларды ұсынады.

Super Bowl ойыны жексенбіде (9 ақпан) Жаңа Орлеанда өтеді. Онда көрсетілетін жарнама құны – 8 миллион доллар. Фото eventbrite.com сайтынан алынды

Super Bowl ойынын америкалықтар асыға күтуде. Биылғы америкалық футболдан өтетін финалдық ойын жексенбіде (9 ақпан) Жаңа Орлеанда өтеді. Бұл ойынды биыл кем дегенде 100 миллион адам көреді деп күтілуде. Өткен жылғы Super Bowl АҚШ тарихында ең көп қаралым жинаған хабар болды – 123,7 миллион көрермен. Бұл – АҚШ халқының үштен бірі.

Super Bowl 2025 ойынында көрсетілетін жарнамалардың рекордтық құнын кеше (3 ақпан) Aikyn.kz сайты жариялады: «30 секундтық жарнама құны – 8 миллион доллар»

Дәстүр бойынша, көптеген компаниялар ойынға бірнеше күн қалғанда өздерінің қымбат жарнамаларының тизерлерін шығара бастайды. Төменде сондай бірнеше жарнама роликтері ұсынылады.

Америкалық футболдың финалында жарнамасын көрсетуге таласқан танымал брендтер 2025 жылғы Super Bowl жарнамаларының тизерлерін шығара бастады. Танымал брендтердің ішінде Hellmann’s, Taco Bell, Stella Artois , TurboTax және Budweiser бар. Жарнамаға түскендер арасында әлемдік телевизия жұлдыздары, актерлар мен әншілер бар. Британдық футбол жұлдызы болған Дэвид Бэкхем, атақты аспазшы Гордон Рамзи мен комик Пит Дэвидсон да брендтерді жарнамалауға қатысқан.

Super Bowl 2025 ойынына 4 күн қалды. 9 ақпанда 100 миллионнан астам америкалық Kansas City Chiefs пен Philadelphia Eagles командалары арасындағы ойынды тамашалайды. Осындай үлкен аудиторияға жарнама ұсыну үшін брендтердің 8 миллион доллар жұмсауы таңғаларлық емес.

«Super Bowl – бұл көру тәжірибесінің басқа түрі. Адамдар жарнаманы ойынның өзін көргендей жақсы қабылдайды», – дейді телевизия рейтингтерінің маманы Лаура Гровер. 

Ал мынау 2024 жылғы Super Bowl-да көрсетілген Арнольд Шварценеггер мен Дэнни деВито қатысқан жарнама ролигі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.