Мамандар өңірдегі қарғын судың көтерілетін уақытын екі кезеңге бөліп, оның алдын алуға кіріскен.
Жетісу облысында 47 ауылға су тасқыны қаупі төніп тұр – ТЖД
915
оқылды

Жетісу облысында Қаратал және Қора өзендерінің жағалауы бекітіліп жатыр. Былтырдан бері жалғасып жатқан жұмыс осы айда аяқталып, арнаның су өткізу мүмкіндігі артады, – деп хабарлайды Aikyn.kz 24kz-ке сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, аймақта көктемгі су тасқыны болуы мүмкін 47 елді мекен анықталған. Соның 43-де тиісті шаралар жүргізіліп, қауіп сейілді. Қалған ауылдарда арық-атыздар тазаланып жатыр.

Мамандар өңірдегі қарғын судың көтерілетін уақытын екі кезеңге бөліп, оның алдын алуға кіріскен.

– Облыс бойынша барлық елді мекендерде арық желілері, каналдарды тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар су тасқынына дайындық мақсатында «Көктем-2025» командалық штабтық оқу-жаттығу жиыны өткізіледі. Оқу-жаттығу шеңберінде су тасқынына аса бейім елді мекендерде су тасқынына қарсы практикалық іс-шаралар жүргізіледі, техникалар мен күштік құралдардың дайындығы тексеріледі, – дейді облыстық ТЖД басқарма бастығы Ринат Тазабеков.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.