4 ақпан күні Алматы облысына қарасты Жамбыл ауданының аумағында жантүршігерлік жол апаты болды. Апат салдарынан екі жүргізуші мен бір жолаушы оқиға орнында қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Облыстық ПД мәліметінше, көлік апаты Алматы-Бішкек тасжолының 102-шақырымында болған.
– Алдын ала мәлімет бойынша, Chevrolet Cobalt жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып, Hyundai Elantra көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан екі жүргізуші мен Hyundai Elantra жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Chevrolet Cobalt көлігінің тағы бір жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.
Осы ретте полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға және жолда аса мұқият болуға шақырады.