«Жібек Жолы» өткізу пункті 2025 жылғы 5 ақпаннан бастап жабылады. Азаматтарға жаңа маршруттар ұсынылды.
Өзбекстан-Қазақстан шекарасындағы ірі өткізу пункті 4 айға жабылады
234
оқылды

Өзбекстан тарапы «Гишт-Куприк» өткізу пунктінің құрылысын аяқтау үшін 4 айға жабуына байланысты, 2025 жылғы 5 ақпаннан бастап  Қазақстан тарапындағы «Жібек Жолы» өткізу пункті де жабылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz  сайты.

Осыған байланысты ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жоғарыда аталған өткізу пункттері арқылы шекараны жаяу және жеке пайдалану үшін көлік құралдарымен кесіп өтетін жеке тұлғаларға жол жүру бағыттарын алдын ала қарастыру қажет екенін хабарлайды.

Бұл ретте, жаяу жүргіншілер өткелі «Қапланбек», «Б.Қонысбаев» өткізу пункттері мен «Сырдария» және «Целинный» бақылау-өткізу пункттері арқылы жүзеге асырылатынын хабарлаймыз, – делінген комитеттің хабарламасында.

Жүк автокөлік құралдарын өткізу әдеттегідей «Б.Қонысбаев», «Атамекен», «Қазығұрт» және «Тәжен» өткізу пункттері арқылы, ал теміржол көлігімен өткізу «Сарыағаш» және «Бейнеу» теміржол өткізу пункттері арқылы жүзеге асырылатын болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.