Ол әншінің айыпталуына қатысты әлеуметтік желідегі парақшасында пікір білдірді.
«Алмас, айналайын, мұңайма!»: Елена Әбдіхалықова Алмас Кішкенбаевқа қолдау білдірді
Коллаж: Aikyn.kz
2,605
оқылды

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші, композитор Елена Әбдіхалықова Алмас Кішкенбаевқа қолдау білдірді, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол әншінің айыпталуына қатысты әлеуметтік желідегі парақшасында пікір білдірді. Елена Әбдіхалықова Алмас Кішкенбаевты кішкентайынан танитынын, оны жамандыққа қимайтынын айтты. 

"Белгілі эстрада әншісі Алмас Кішкенбаевты сонау 1-сынып оқып жүрген кезінен білемін. Анасы Айнаш апа екеуі өзінен үлкен домбырасын арқалап, бір концертке қатысуға театрға келген. Алғаш рет тыңдап, театр толы көрерменмен бірге қол соқтық. Кейін Қызылорда Қазанғап жоғары музыка колледжінде дәріс бердім. "СуперStar" жобасының қорытынды финалына Алматыға арнайы ұшып барып, жанкүйер болғаным бар. Ешқашан, еш жерде өрескел әдепсіздігін, өтірік сөйлеген көргенсіздігін көргенім жоқ. Есесіне, үнемі ілтипатпен, ізетпен, орнын білетін талантты бала болғаны үшін құрметтеп келемін. Ең бастысы, өнерде мәнері мен әдемі даусы, талғамы бар әнші деп бағалаймын. Әлем-жәлем желіде түрлі сөз желдей гулеп тұр. Ешкімнен соқыр тиын ұрламаған, тірі жанға зәбірі жоқ, талантты жастарды "жақтым күйе, жаптым жала" деп, түрмеге тоғыта берсек, қалай ел боламыз? Адам болған соң, қисық басатын сәттер де болатын шығар, дегенмен өз басым Алмастың қылмыс жасағанына сенбеймін. Қайта іштей Алмастың образын ашатын әндер болса деп тілеп жүремін. Бүгінгі эстрадада өз биігіне көтерілетін күні алда деп ойлаймын! Лайым, сол күнге жеткейсің, Алмас, айналайын, мұңайма! Ер жігіттің басына не келіп, не кетпейді? Тек аман жүргейсің!", - деп жазды Елена Әбдіхалықова. 

Айта кетейік, әнші Алмас Кішкенбаев полицияға жеткізілді. 

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты әнші Алмас Кішкенбаевқа қатысты сот отырысы кейінге қалдырылғанын мәлімдеді.

Әншіге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша айып тағылған. Әншінің 17 жастағы курьерге тиіскені туралы ақпарат шыққан еді. Баланың әкесі полицияға арыз жазған. Қалалық полиция Алмас Кішкенбаетың ұсталғанын растаған.

 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Елена (@elenaabdykhalykova)