Айыпталушы жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 
Оралда ер адам пойыздың астында қалып, көз жұмды
Фото: ҚТЖ
352
оқылды

Оралда ер адам пойыздың астында қалып, көз жұмды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz "Орал апталығына" сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 4 ақпанда күндізгі уақытта Орал стансасында болған. Ер адам пойыздың астында қалып, алған дене жарақаттарынан оқиға орнында мерт болды. 

Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған дерек бойынша "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Айыпталушы жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Ведомство тергеу мүддесі үшін басқа ақпаратты жария етпеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.