20 жастағы жігіттің мәйітін қаладағы еріктілер іздеп тапқан.
"Ауылға қарай таксиге отырдым": 20 күн бұрын жоғалып кеткен жігіттің мәйіті табылды
Видеодан скриншот
4,092
оқылды

Шымкентте 20 күн бұрын жоғалып кеткен жігіт өлі табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Аталған ақпаратты Шымкент қаласының Полиция департаменті растады. 

Бәйдібек Еділбек 14 қаңтарда Шымкентке көлік құжатын алу үшін барған. Түркістан облысы Шұбарсу ауданынан қалаға досымен келіп, оны әуежайға шығарып салыпты. Кейін “ауылға қарай таксиге отырдым” деп әкесімен хабарласқан жігіт түскі 15:00-ден кейін байланысқа шықпаған. 

20 жастағы жігіттің мәйітін қаладағы еріктілер іздеп тапқан. Еріктілердің айтуынша, ол көшеде суицид жасаған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.