Әуеқатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтілуде.
Қазақстаннан Венгрияға тікелей әуе рейсі ашылады
897
оқылды

Жақында Қазақстан мен Венгрия арасында тікелей әуе рейсі іске қосылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"2025 жылдың 27 мамырынан бастап  SCAT  қазақстандық әуекомпаниясы Шымкент – Будапешт бағыты бойынша Венгрияға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр. Рейстер  Boeing 737  үлгісіндегі әуекемелерінде аптасына 2 рет (сейсенбі және сенбі күндері) жиілікпен орындалатын болады",  – деп нақтылады министрлік.

Әуеқатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтілуде.

"ҚР Көлік министрлігі тұрақты негізде ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру бойынша жұмыс жүргізуде", – деді ведомство өкілдері.