InDrive такси қызметі жүргізушісін соққыға жыққан оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Ақмола облысында InDrive такси қызметінің жүргізушісі клиентінен зардап шеккен. Бұл оқиғаға қатысты такси қызметі келесідей мәлімдеме жасады.
«Біздің компаниямыз зорлық-зомбылықтың кез келген түрін қатаң айыптайды. Платформа пайдаланушылардың қауіпсіздігі – ең басты міндетіміз, сондықтан мұндай әрекеттерге мүлде жол берілмейді және аталған факт тіркелген жағдайлар болса, олар автоматты түрде қызметтен шеттетумен аяқталады.
Қазіргі уақытта аталған оқиға туралы inDrive қолдау қызметіне хабарлама түскен жоқ. Біз зардап шеккен жүргізушіні ішкі тергеу жүргізіп, тиісті шаралар қабылдау үшін, соның ішінде тәртіп бұзушының аккаунтын толық бұғаттауды қарастыра отырып, қолдау қызметіне хабарласуға шақырамыз.
InDrive тергеуге жәрдемдесу мақсатында құқық қорғау органдарының ресми сұрауына қажетті барлық ақпаратты ұсынуға дайын», – деп мәлімдеме жасады inDrive.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз