Зейнеткер шетелге шығып, үш ай ішінде Өзбекстанға оралмаса, зейнетақы төлемдері тоқтатылады.
Шетелден үш ай ішінде оралмаған зейнеткерлердің зейнетақысы тоқтатылады
3,647
оқылды

Шетелден қайтып келгеннен кейін ғана 24 айдан аспайтын зейнетақы төлемін алуға болады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Gazeta.uz сайтына сілтеме жасап.

Көрші елдің Экономика және қаржы министрлігіне қарасты бюджеттен тыс зейнетақы қоры шетелге ұзақ мерзімге кеткен Өзбекстан азаматтарына зейнетақы төлеу тәртібіне қатысты түсініктеме берді.

Мемлекеттік зейнетақыны тағайындау және төлеу тәртібіне сәйкес, егер зейнеткер Өзбекстаннан шығып, үш айдан астам уақыт бойы елге оралмаса, зейнетақы төлемдері уақытша тоқтатылады.

 

Азамат Өзбекстанға қайта келгеннен кейін зейнетақы төлемдері қалпына келтіріледі. Бұл ретте, ол өтініш берген күннен бастап соңғы 24 ай ішінде төленбеген зейнетақысын алуға құқылы.

 

Аталған ереже құжаттың 159-тармағында бекітілген және өткен жылдың 30 қазанынан бастап күшіне енген.