Осы жердегі QR код арқылы Қазақстанның түрлі саладағы жетістіктері туралы ақпарат алуға болады.
Ыстамбұл көшелеріне Қазақстан туралы ақпарат беретін баннерлер қойылды
Видеодан скриншот
1,002
оқылды

Түркияның ең ірі қаласы Ыстамбұл көшелеріне Қазақстан туралы ақпарат беретін баннерлер қойылды, – деп хабарлайды Аikyn.kz

"Қазақстан" телеарнасының мәліметінше, Қазақстанның Бас консулдығының бастамасымен «Kazakhstan: Born Bold» кампаниясы аясында қаладағы 35 жерге еліміздің мәдениеті мен экономикалық әлеуеті туралы мағлұмат беретін смартбаннерлер орналастырылды.

Осы жердегі QR код арқылы Қазақстанның түрлі саладағы жетістіктері туралы ақпарат алуға болады. Бұл ақпараттық смарт баннерлер Ыстамбұл көшелерінде 2025 жылдың соңына дейін тұрады.