Кортеждегі көлік дөңгелегі жарылды.
Сербия президенті бір өлімнен аман қалды (ВИДЕО)
Фото: АР
1,192
оқылды

Сербия президенті Александр Вучич елдің солтүстігіне сапары кезінде кортежіндегі көліктердің бірінің дөңгелегі жарылып, ол бұл оқиғаға байланысты «артық шу шығармауға» шақырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Сербиялық БАҚ оқиғаның видеосын жариялады. Кадрларда тасжолда келе жатқан президент кортежіндегі Audi автокөлігінің артқы сол жақ дөңгелегінен түтін шығып, кейін дөңгелектің бір бөлігі үзіліп, жолға домалап кеткенін көруге болады.

Кейін көлік тоқтап, ішінен президенттің күзет қызметкерлері түсіп, зақымданған жерді тексеруге кіріседі.

Вучич сенбі күні елдің солтүстігіндегі Орта-Банат ауданын аралап жүрген. TV Informer арнасына берген сұхбатында ол оқиға төңірегінде «артық шудың қажеті жоқ» деп айтты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.