Федералды тергеу бюросы Пуэрто-Рикода Трамптың иммиграциялық бұйрығына сәйкес 100 адамды қамауға алды.
100 адам: АҚШ-та рейд кезінде Қазақстан азаматтары ұсталды
5,462
оқылды

АҚШ федералды билігі Пуэрто-Рикода заңсыз иммигранттарды анықтау және депортациялау операциясы аясында 100 адамды тұтқындады, – деп хабарлайды Aikyn.kz CNN арнасына сілтеме жасап.

26 қаңтарда басталған операция АҚШ президенті Дональд Трамптың иммиграциялық бұйрықтары негізінде жүзеге асқан. Ішкі қауіпсіздік тергеулері (HSI) мәліметінше, ұсталғандар әртүрлі елдерден келген, олардың арасында Гватемала, Эквадор, Доминикан Республикасы, Гаити, Мексика, Қазақстан, Өзбекстан, Италия, Жапония мен басқа мемлекеттердің азаматтары бар.

Барлық ұсталғандар Пуэрто-Рико мен Виргин аралдарындағы ICE, ERO және CBP мекемелеріне жіберілді. АҚШ билігі федералды иммиграциялық заңдарды орындау және шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дереу шара қолдануға дайын екенін мәлімдеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.