28 адам із-түзсіз жоғалған.
Қытайдың оңтүстік-батысында көшкін жүріп, бір адам қаза тапты
Фото: istockphoto.com
1,221
оқылды

Төтенше жағдай 8 ақпанда, жергілікті уақыт бойынша 11:50-де Цзиньпин ауылында болған. Ені 100 метр, қалыңдығы 20 метрге жететін көшкін елді мекендегі он үйді толықтай қиратқан. Бұл туралы «Синьхуа» агенттігі хабарлады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Жергілікті биліктің жексенбі таңертеңгі мәліметі бойынша:

  • 1 адам қаза тапты;
  • 28 адам із-түзсіз жоғалды;
  • 2 адам жарақат алды;
  • 95 үйден 360 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.

Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін уақытша қоныстандыру орталықтары құрылды. Құтқару жұмыстарына 949 әскери қызметкер мен құтқарушы жұмылдырылды. Сондай-ақ 200-ден астам арнайы техника, экскаваторлар, өрт сөндіру мен жедел жәрдем көліктері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.

Қытай төрағасы Си Цзиньпин Сычуань провинциясындағы апаттың салдарын жою үшін үкіметке 11,16 миллион доллар бөлуге тапсырма берді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.