Биыл Алматы халықаралық әуежайы жаңа 7 бағыт бойынша әуе рейстерін ашуды жоспарлап отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Нақты айтқанда, енді ел тұрғындары Франкфурт (Германия), Шанхай (Қытай), Гуанчжоу (Қытай), Мумбай (Үндістан), Чэнду (Қытай), Нью-Йорк (АҚШ) және Токио (Жапония) қалаларына Алматыдан тікелей ұша алады. Бұл бағыттарға туристерді тасымалдау 2025-2029 жылдарға арналған Алматы тау кластерін дамыту жөніндегі кешенді жоспарға сәйкес қолға алынып отыр.
Бұл қаланың тау кластерін дамыту жөніндегі кешенді жоспарға сәйкес жүзеге асырылмақ.
Аталған қадам арқылы шетелдік туристердің саны 630 мыңнан 1,8 млн адамға дейін көбейеді деген үміт бар. Сонымен қатар тағы 25,1 мың туризм саласының маманы жұмыспен қамтылуы мүмкін.
Жоба "Ашық НҚА" порталында 19 ақпанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.