Павлодар облысы Ақсу қаласының прокуратурасы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын пансионаттардың бірінде қарттарға қатыгездік көрсету фактілерін анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Мекемеде түсірілген бейнежазбаларды қарау барысында адам шошырлық фактілер анықталған. Пансионат қызметкерлері екі дәрменсіз қартты ұзақ уақыттан бері қорлап, зорлық-зомбылық көрсеткен.
Жәбірленушілердің бірінің жасы – 84-те.
«Оларды үнемі ұрып-соғып, қолдарын бұрап, қыстың суығында сырт киімсіз аулада ұстаған. Осы факті бойынша Ақсу қаласының прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта барлық күдікті анықталған. Тергеу барысы прокуратураның ерекше бақылауына алынды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.