АҚШ-та COVID-19 вакцинасын міндетті түрде талап ететін мектептер мен колледждер федералдық қаржыландырудан айырылуы мүмкін, – деп хабарлайды Аikyn.kz
"Қазақпарат" тілшісі CBS News арнасына сілтеме жасап, АҚШ президенті Дональд Трамп осыған байланысты жарлыққа жұма күні қол қойғанын жазды.
Ақ үйдің баспасөз қызметі COVID-19-ға қарсы міндетті вакцинация «білім алу мүмкіндіктеріне қауіп төндіреді» деп мәлімдеді.
Президент білім және денсаулық сақтау министрлеріне міндетті вакциналарды тоқтату жоспарын әзірлеуді және осы тыйымды бұзған мекемелерге қаржыландыруды тоқтату механизмін анықтауды тапсырды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз