Израиль мен ХАМАС арасындағы бейбіт келісім аясында 369 палестиналық түрмеден босап шықты, – деп хабарлайды Аikyn.kz
24.kz арнасының мәліметінше, олардың 12-сі Иордан өзенінің батыс жағалауына, қалғандары Газа секторына жеткізілді. Бұл шаралардың сәтті жүзеге асуын Халықаралық Қызыл Крест ұйымы қадағалап отыр.
Еске сала кетейік, осыған дейін тараптар АҚШ, Египет және Қатардың араағайындық етуімен алты апталық бейбіт келісімге келген болатын. Жоспар үш кезеңнен тұрады, біріншісі 42 күнге созылады. Келісім шартына сәйкес, израильдік 33 тұтқын 1900 палестиналықтың орнына босатылуы тиіс.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз