Жасөспірімдер 3010 метр биіктікте адасып қалған.
Алматы облысында 4 жасөспірім тауға шығып, адасып кеткен
Видеодан скриншот
399
оқылды

Алматы облысы Іле Алатауы тауында «Лесной» асуында Букреев шыңынан түсу кезінде 15-16 жастағы 4 жасөспірім адасып кеткен, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жасөспірімдердің ата-анасы дереу құтқарушылардың көмегіне жүгінді.

– ТЖМ «РЖҚЖ» жедел тобы тез арада шақырту орнына аттанды. Құтқарушылар теңіз деңгейінен 3010 метр биіктікте адасып қалған жасөспірімдерді тауып, қажетті көмек көрсетті, – делінген ақпаратта. 

Құтқарушылар оларды таудан түсіріп, полиция қызметкерлерінің қатысуымен ата-анасына тапсырды. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.