Оқиға орнына жедел жәрдем бригадалары жөнелтілді.
Шахтадағы апат: үйінді астында қалған жұмысшылардың аты-жөні белгілі болды
Фото: pexels.com
1,874
оқылды

Ұлытау облысының ТЖД Жомарт шахтасындағы үйінділердің арғы жағында қалған жұмыскерлердің тізімін жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Ұлытау облысының ТЖД қазіргі уақытта құлаған тау жынысы үйінділерінің арғы жағында қалып қойған Жомарт шахтасы қызметкерлерінің тізімін хабарлады.

Қызметкерлердің аты-жөні:

  1. Ақшалов Қайрат Аманбекұлы, 1975 жылы туған, сорғы қондырғыларының машинисі;
  2. Жақұбаев Ардақ Боранбайұлы, 1998 жылы туған, жерасты учаскесінің тау-кен шебері;
  3. Жұмадоллаев Бақытбек Нышанұлы, 1975 жылы туған, жерасты тау-кен жұмысшысы;
  4. Кенжебеков Орынбек Әмірханұлы, 1991 жылы туған, тиеу-жеткізу машинасының машинисі;
  5. Молдабеков Ғалымжан Есенбекұлы, 1978 жылы туған, шпур бұрғылаушының көмекшісі;
  6. Нұролдаев Олжас Жағалбайұлы, 1979 жылы туған, жерасты учаскесінің энергетигі;
  7. Рожков Константин Владимирович, 1992 жылы туған, жерасты тау-кен қазу жабдықтарының электр слесарі.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін сағат 16:50-де Ұлытау облысындағы шахтада апат болып, 7 адам үйінді астында қалды. 

Оқиға орнына жедел жәрдем бригадалары жөнелтілді. Кабельдердің үзілуіне байланысты жұмысшылармен байланыс жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.