ТЖМ құтқарушылары ел тұрғындарына алдын ала маңызды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін келесі ережелерді сақтауыңызды сұраймыз:
- Қыс мезгілінде сақтық шараларын сақтаңыз. Дауылды ескертулерді қадағалау және ауа райы нашарлаған жағдайда сапарлардан аулақ болу маңызды.
- Жеке көлікпен жолға шықпаңыз. Егер қажет болса, қоғамдық көлікті пайдаланыңыз және маршрутыңызды алдын ала жоспарлаңыз.
- Көшеде абай болыңыз. Боран мен жел көруді қиындатуы мүмкін, жолдар тайғақ болады. Жылы киім, тайғақтан қорғайтын аяқкиім киіңіз.
- Жылыту жүйесін тексеріңіз. Үйіңізде жылыту дұрыс жұмыс істейтініне және отын жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз.
- Көшеде ұзақ тұрмаңыз. Аяз бен жел үсік шалуға себеп болуы мүмкін.
- Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз! Төтенше жағдайлар кезінде 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.