Биыл Рамазан айы Наурыз мейрамымен тұспа-тұс келеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2025 жылғы діни күндер кестесін бекітті.
2025 жылы Рамазан айы 1 наурызда басталады, ал Қадір түні 26 наурыздан 27 наурызға қараған түнге түседі. Ораза айт 30 наурызда өтсе, Құрбан айттың бірінші күні 6 маусымға сәйкес келеді.
Діни басқарма мамандары ай күнтізбесіне байланысты бұл күндер жаңа айдың көрінуіне қарай бір күнге өзгеруі мүмкін екенін ескертті.



Сондай-ақ кез келген облыс, қала немесе ауылдың (барлығы 6000 елді мекен) ораза және намаз кестесін жоғары сапада PDF форматында muftyat.kz сайтынан жүктеп алуға болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.