Технологиялық әлем тағы бір жасанды интеллект құралымен толықты. Grok-3 деп аталатын жасанды интеллект чат-боты басқалармен салыстырғанда ақылды, өнімді болады деп жарнамалануда.
Миллиардер бұл компанияны 97,4 миллиардқа сатып алғысы келеді
Илон Масктің OpenAI-ді сатып алу ұсынысы ұйымның миссиясына сәйкес келмейді. Фото chatgptweb.ru сайтынан алынды
977
оқылды

Reuters агенттігінің хабарламасына сүйенген Aikyn.kz логикалық ойлау қабілеті жақсы дамыған жаңа чат-боттың мүмкіндіктерін түсіндіреді.

Илон Масктың жасанды интеллект саласындағы xAI стартапы жаңа Grok-3 чат-ботын таныстырды. Иллюстрация innovations.fr сайтынан алынды

Илон Масктың жасанды интеллект саласындағы xAI стартапы өз чат-ботының соңғы нұсқасы – Grok-3-ті таныстырды. Бұл модель Қытайдың DeepSeek компаниясымен, сондай-ақ Microsoft қолдайтын OpenAI және Alphabet құрамындағы Google сияқты алыптармен бәсекеге түспек. Grok-3-тің таныстырылымы жасанды интеллект саласындағы қызу бәсеке жүріп жатқан кезеңде болды. Бұл оқиға DeepSeek-тің қуатты ашық кодты моделінің жариялануынан бірнеше апта өткен соң орын алды. Енді Маск xAI-дың ықпалын кеңейтуге белсенді түрде кірісті.

Жаңа чат-бот X (бұрынғы Twitter) платформасындағы Premium+ жазылушыларына бірден қолжетімді болады. Сонымен қатар, xAI стартапы Grok.com веб-сайты мен мобильді қосымшасы арқылы чат-ботқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін жаңа SuperGrok жазылымын іске қосты.

«Grok-3 барлық көрсеткіштер бойынша ерекше орын алады», – деді Илон Маск дүйсенбі күні (17 ақпан) кешке xAI-дың үш инженерімен бірге тікелей эфирде. Ол жаңа модельдің алдыңғы нұсқасы Grok-2-ден әлдеқайда асып түсетінін атап өтті.

Жаңа Grok-3 DeepSearch интеллектуалды іздеу жүйесін қамтиды, жүйе логикалық ойлау қабілетіне негізделген. Иллюстрация today.line.me сайтынан алынды

«Grok-3-тің пайда болуы xAI-ды ашық кодты ірі тілдік модельдер (LLM) жарысына қайта қосты. Ол кейбір көрсеткіштер бойынша қазіргі заманғы модельдерден озық, бұл xAI-дың өзектілігін қайта күшейтті», – дейді DA Davidson компаниясының басқарушы директоры Джил Лурия.

Жасанды интеллект саласындағы бәсеке күшейген сайын, xAI жаңа, жетілдірілген модельдерді оқытуға арналған деректерді өңдеу орталықтарының қуатын арттыруға миллиардтаған доллар инвестиция салуда. Теннесси штатының Мемфис қаласында орналасқан Colossus деп аталатын суперкомпьютерлік кластер әлемдегі ең ірі деректерді өңдеу орталығы болмақшы.

 

Бірақ Лурияның айтуынша, жаңа чат-боттағы жетілдірулер Grok-2-мен салыстырғанда айтарлықтай маңызды емес және оны оқытуға жұмсалған орасан зор ресурстарды ақтауы екіталай.

Жаңа нұсқа DeepSearch интеллектуалды іздеу жүйесін қамтиды. xAI бұл жүйені логикалық ойлау қабілетіне негізделген және пайдаланушылардың сұраныстарына жауап беру кезінде өз ойлау процесін анық түсіндіре алатын чат-бот ретінде сипаттайды. Тікелей эфир барысында көрсетілген құрал зерттеулер жүргізуге, идеяларды дамытуға және деректерді талдауға арналған мүмкіндіктерін көрсетті.

Сарапшылар Grok 3 моделі 200 000 Nvidia H200 Blackwell графикалық процессордан құралған ауқымды кластерде оқытылғанын айтуда. Бұл таңғаларлық цифрлар, өйткені, жасанды интеллект моделін оқыту үшін осыншама жоғары өнімді графикалық процессорлардың қолданылуы бұрын-соңды болмаған. Кейбір мәліметтерге сенсек, OpenAI компаниясының GPT-4 моделі небәрі 40 000 NVIDIA A100 графикалық процессорын пайдаланады.

OpenAI-дың бұрынғы қызметкері ЖИ-дің даму қарқынын «қорқынышты» деп атады. Ол жасанды интеллект жарысын тоқтатуға шақырды. Фото авторы: Shutterstock / Anggalih Prasetya

Илон Маск және OpenAI-ді 97,4 миллиард долларға сатып алу ұсынысы

Өткен аптада Илон Маск бастаған инвесторлар консорциумы OpenAI-дың коммерциялық емес активтерін сатып алу үшін 97,4 миллиард долларлық ұсыныс жасады, бірақ ChatGPT-ді жасаушы бұл ұсынысты қабылдамады. Директорлар кеңесі бұл ұсыныс ұйымның миссиясына сәйкес келмейтінін мәлімдеп, OpenAI-дың сатылмайтынын және Масктың ұсынысын «бәсекелестікті әлсірету әрекеті» деп бағалады. Олар миллиардердің ұсынысын шынайы емес, «компанияны тұрақсыздандыру әрекеті» деп бағалауда. Компанияның бас директоры Сэм Альтман мен Директорлар кеңесінің төрағасы Брет Тейлор да Масктің ұсынысына жауап ретінде OpenAI сатылмайтынын және жасанды интеллектің бүкіл адамзатқа пайдасын тигізу миссиясын жалғастыруын құптаған.

Масктың заңгері Марк Тоберофф OpenAI басқарма мүшелерін өз мүдделерін ғана ойлайды деп айыптап, олар ұсынысты «байыпты қарастырмады» деп мәлімдеді. Бұл OpenAI мен Маск арасындағы ұзақ уақытқа созылған қақтығыстың жалғасы болды. Екі тарап 2015 жылы компания құрылған кезде-ақ даму бағытына қатысты келіспеушіліктерге тап болған.

Илон Маск алғашқы жылдары OpenAI-дың тең құрылтайшыларының бірі болған. Бірақ кейін өз еркімен компаниядан шығып кеткен. Соңғы жылдары миллардер компанияның коммерциялық бағытқа бет бұруына алаңдаушылық білдіріп, OpenAI-дың коммерциялық емес ұйым ретінде қалуы керектігін алға тартуда.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.