Қайғылы оқиға 19 ақпан күні Ақмола облысына қарасты Қараөткел ауылындағы ІТ мектебінің аумағында болған.
Ақмола облысында 9 жастағы оқушыны автобус қағып өлтірді
om1.ru
1,003
оқылды

Ақмола облысында 9 жастағы оқушыны мектеп автобусы қағып кетіп, қыз бала оқиға орнында көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазір осы іске қатысты тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Қайғылы оқиға 19 ақпан күні Ақмола облысы Целиноград ауданына қарасты Қараөткел ауылындағы ІТ мектебінің аумағында болған.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, мектеп автобусының жүргізушісі кәмелетке толмаған 2015 жылғы оқушыны қағып кеткен.

– Оқушы оқиға орнында көз жұмды. Полиция бұл оқиғаға байланысты тергеу жүргізіп жатыр, – делінген хабарламада.

Ақмола облысының Білім басқармасы оқушының отбасына көңіл айтты.

– Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Білім басқармасы арнайы комиссия құрды. Қазіргі уақытта жедел әрекет ету мақсатында Целиноград аудандық білім бөлімінің мамандарынан құрылған жұмыс тобы оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша қажетті шараларды атқарып жатыр. Оқушының отбасына қажетті психологиялық көмек көрсетіледі, – деп мәлімдеді басқарма өкілдері.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.