Бердімұхамедов жоғары жылдамдықта түрлі маневрлер жасады.
Жазушы, ақын, музыкант түрікменбашы енді автожарыстарға қатысып жүр (ВИДЕО)
Фото: Видеодан кадр
984
оқылды

Түркіменстан Халық Маслахатының төрағасы, экс-президент Гурбангулы Бердімұхамедов демалыс кезінде Мотоспорт орталығында спорттық көлік тізгіндеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz «Түрікменстан хроникасы» сайтына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, ол күнді әдеттегідей дене шынықтырумен бастаған. 

Кейін Орталықтағы көліктерді тексеріп, олардың техникалық жағдайымен танысты. Бір көлікті жеке өзі сынақтан өткізіп, жүргізу алдында жолдардың жағдайы мен аймақтың климаттық ерекшеліктерін ескерудің маңыздылығын атап өтті.

Бердімұхамедов жоғары жылдамдықта түрлі маневрлер жасап, дрифті техникасын қолдана отырып, спорттық көлікті басқарудағы шеберлігін көрсетті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.