HKU5-CoV-2 – адамдарға жұғуы мүмкін жаңа коронавирус штамы. Бұл туралы South China Morning Post басылымы үш ғылыми топтың бірлескен зерттеуіне сілтеме жасап хабарлады, – деп жазады Aikyn.kz.
Зерттеушілер вирус Гонконгта жапон пипистрелласы (жарқанат түрі) арқылы анықталғанын мәлімдеді. Ғалымдардың айтуынша, HKU5-CoV-2 COVID-19-ға қарағанда «түйіспелі түрлерге жұғу ықтималдығы жоғары» және «жұғуы мүмкін тірі ағзалардың саны көбірек» болуы мүмкін.
Қазір сарапшылар вирусты жан-жақты зерттеуді талап етіп отыр. Дегенмен олар жаңа коронавирустың кең таралу қаупі әзірге төмен екенін атап өтті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.