Орынбор облысында жеңіл көлік пен автобус соқтығысты.
Шетелге бал айына жол тартқан ерлі-зайыптылар әуежайға жетпей қаза тапты
Фото: istockphoto.com
3,051
оқылды

Әуежайға бара жатқан жас жұбайлар апатқа ұшырап, сол жерде жан тапсырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оқиға 2025 жылғы 16 ақпанда Уфа – Орынбор тасжолының 217-ші шақырымында болған. Opel Astra жеңіл көлігі Yutong жолаушылар автобусымен соқтығысқан. Кейін белгілі болғандай, 50 жастағы әйел мен 60 жастағы ер адам Түркияға бал айына ұшуды жоспарлап, әуежайға бара жатқан.

Соққыдан жеңіл көлік қатты зақымданған. Ерлі-зайыптылар жедел жәрдем жеткенше оқиға орнында жан тапсырды. Ал автобустағы жолаушылар зардап шеккен жоқ.

Марқұмдармен қоштасу және жерлеу рәсімі 19 ақпанда өтті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.