Жемқорлық үшін сотталған, 2500 адамның қазасына себепкер Таксин Чинават Таиландқа қайта оралды.
Елден қудаланған экс-премьердің Таиландтағы екі жарылысқа қатысы бар ма?
Фото: istockphoto.com
874
оқылды

Таиландтың оңтүстігінде түнде және таңертең екі жарылыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Nation газетіне сілтеме жасап.

Оқиға барысында 7 полиция қызметкері мен 4 бейбіт тұрғын жарақат алды. Жарылыстар елдің бұрынғы премьер-министрі Таксин Чинаваттың аймаққа сапары қарсаңында болды. 

Бірінші жарылыс жексенбіге қараған түні Ялла провинциясының Баннанг Сатха ауданында жергілікті дүкеннің жанында болған. Жарылғыш құрылғы іске қосылып, 11 адам зардам шекті.

Екінші жарылыс жексенбі күні таңертең Наратхиват провинциясындағы әуежайда болды. Дәл сол жерде Таксин Чинаваттың ұшағы қонуы тиіс болған. Абырой болғанда жарылыстан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір әуежайда қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, қоршау қойылды.

Чинават елдің Малайзиямен шектесетін оңтүстігіне жергілікті рухани жетекшілермен келіссөздер жүргізу және аймақ басшыларымен кездесу үшін келген.

Таксин Чинават – Таиландтың демократиялық жолмен сайланған алғашқы премьер-министрі. 2001 жылы билікке келген, 2005 жылы басым көпшілік дауыспен қайта сайланды. Алайда, оның корпорациясының жалпы құны миллиард доллардан асатын акцияларын шетелдік инвесторларға салық төлемей сатуы қоғамда үлкен сынға ұшырады.

Бұл жанжал елде мыңдаған адам қатысқан наразылық шерулеріне және жаңа сайлаулардың өткізілуіне себеп болды. 2006 жылы 19 қыркүйекте Таиландта әскери төңкеріс болып, билік әскерилердің қолына өтті. Таксин Чинаваттың партиясы заңсыз деп танылып, ол саяси қызметтен шеттетілді. 2008 жылы Таиландқа қысқа сапармен оралғанымен, содан бері елден тыс жерде қуғында өмір сүрді.

Сонымен қатар оның билігі кезінде Таиландтың оңтүстігінде буддистер мен мұсылмандар арасындағы діни қақтығыстар күшейе түсті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.