Алдағы күндері ауа райының қалыптасуына оңтүстік циклон ықпал етеді.
Ақпан айының соңғы күндерінде ауа райы қандай болады?
Фото: istockphoto
9,018
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері ақпан айының соңғы күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мамандардың айтуынша, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде ауа райының қалыптасуына оңтүстік циклон ықпал етеді. Соның әсерінен қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын күтіледі.

25-26 ақпанда оңтүстік аймақтарда, ал 26-27 ақпан түнде оңтүстік-шығыс өңірлерде жаңбыр мен қар жауады, таулы аймақтарға қар түседі. Кей жерлерде жел күшейіп, боран соғады, көктайғақ болады. Сондай-ақ ел аумағы бойынша тұман түсуі ықтимал.

Түнгі уақытта ауа температурасы солтүстік, солтүстік-батыс және орталық аймақтарда 8-18 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста аяз 5-12 градусқа дейін жетсе, шығыс өңірлерде сынап бағанасы 15-20 градусқа дейін төмендейді. Кейбір оңтүстік аудандарда 5 градусқа дейін аяз болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.