Шанхай Үкіметі COVID-19 дертін C витаминін көп мөлшерде егу арқылы емдеу керек деген ресми ұсынысын жариялады, – деп хабарлайды orthomolecular.
Дозалау бойынша ұсынымдар аурудың ауырлығына байланысты күніне дене салмағына килограммына 50-ден 200 миллиграмға дейін өзгереді.
Ересек адам үшін доза шамамен 4000-нан 16000 мг-ға дейін.
Бұл арнайы енгізу әдісі маңызды, себебі С дәруменінің әсері ішке қабылдағанға қарағанда кем дегенде он есе күшті, - деп түсіндірді көктамырішілік терапия жөніндегі сарапшы, медицина ғылымдарының докторы Ацуо Янагисава.
Доктор Янагисава сондай-ақ С дәруменін егу қауіпсіз, тиімді және кең спектрлі вирусқа қарсы препарат екенін айтты.