Ақ үй басшысы Дональд Трамп енді Америкаға көшіп, сонда жұмыс істегісі келетіндер құны 5 млн доллар тұратын алтын карта сатып алуға тиіс екенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz 24kz-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, бұл карта Америка азаматтығын алуға жол ашады. Осылайша, бұған дейін қолданыста болған инвесторларға арналған көші-қон бағдарламасын осы алтын карта ауыстырады. Бастама екі аптадан кейін қолданысқа енгізіледі.
– Біз өте тиімді бастаманы қолға алып жатырмыз. Қолыңыздағы грин-картаны енді қосымша ақы төлеп, алтын картаға ауыстыра аласыз. Бұл картаның жасылдан артықшылығы, ол Американың азаматтығын алуға мүмкіндік береді. Сөйтіп, ауқатты адамдар осыны сатып алып, біздің елде емін-еркін жүре алады. Сәтті жоба болады деп үміттенемін, – деді АҚШ президенті Дональд Трамп.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.