Ташкент қалалық Мемлекеттік күзет қызметінің жедел шарасы барысында Ташкент облыстық Денсаулық сақтау басқармасының қызметкері 40 мың АҚШ доллары көлемінде алдын ала төлем алып жатқан жерінде ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz UPL.UZ порталына сілтеме жасап.
Тергеу мәліметіне сәйкес, күдікті 57,88 мың АҚШ долларына медициналық жабдықтау базасында сақталған медициналық заттарды үшінші тұлғаларға сатуға келіскен.
Бұл дерек бойынша Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Жымқыру немесе ысырап ету жолымен жасалған ұрлық» (3-бөлім) және «Қызметтік жалғандық» (1-бөлім) баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.