Астанадағы Ырыскелді қажы атындағы мешіттің бас имамы Нұрлан Байжігітұлы «Хабар» арнасына берген сұхбатында ораза ұстамағандарға үндеу жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Ораза ұстамаған ардақты, қаракөз мұсылмандар! Көшеде, қоғамдық жерде ең болмаса ораза ұстаған адам сияқты жүрудің өзі – парыз екенін ұмытпаған дұрыс. «Менің аузым ашық еді» деп, темекі тартып, яки елдің көзінше тағам жеу миллиондаған ораза ұстағандардың көңіліне селкем, қаяу салу болады. Оларды құрметтемеу болады. Біздегі жиі көрініс – ораза ұстаған адамдардың жанында «мен ауру» едім деп, шай құйып, асын жеп отырады… біліңіз, сіздер шыдағаныңыз үшін сауап аласыздар, ал екінші адам, ауру болса да, күнә алады», – деді имам.
Оның айтуынша, «терезені жауып ішу» деген түсінік бар, науқас адамдар елдің көзінен таса жерде тамақ жеуі керек екен.
Бұған дейін Нұрлан Байжігітұлы Алматы облысындағы «Зәм-зәм» мешітінің бас имамы болды. Нұрлан қажы Асанов 1979 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.